«Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиевтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобалары және ҚР Кәсіподақтар күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.
Кеңесте «Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев сөз сөйледі. Ол күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың мақсаттарын айқындады. Сонымен қатар үйлестіру кеңесінің мүшелерін Кәсіподақтар күніне арналған іс-шараны өткізу жоспары туралы хабардар етіп, бұл шараның маңыздылығын атап өтті. Жиынға қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, «Ұрпақтар кездесуі» форматында Кәсіподақтар күніне арналған іс-шараны өткізу жоспарын бекітті. Жиында 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобаларына кәсіподақ мүшелерінің тікелей атсалысуы туралы жан-жақты айтылды. Бұл тұжырымдамаға Үйлестіру кеңесінің мүшелері қолдау білдірді.
Отырысты қорытындылаған Алтынбек Әмірғалиев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тапсырмаларына сай алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы талқылап, оны орындау мақсатында кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.