2023 жылғы 14 қыркүйекте Кәсіподақтар үйінің конференц-залында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалы бірлесіп ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу» тақырыбында практикалық семинар өтті.
Семинарға қатысушылар – «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының бастауыш кәсіподақтарының басшылары мен мүшелері.
Спикерлер ретінде Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілі Шерхан Дәулетұлы Қоқанов, Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Заң клиникасы филиалының басшысы Марина Анатольевна Иванова сөз сөйледі.
Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Нұржанқызы Айтжанова өз сөзінде тақырыптың өзектілігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті.
Спикерлер ситуациялық ойындарды, құқықтық викторина және кейс мәселелерін шешуді пайдалана отырып семинар өткізді.
Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.