Айслу Темірбаева 1962 жылы 4 қыркүйекте Лебяжі ауданы Черное ауылында дүниеге келген. 1987-1989 жылдары Екібастұз медициналық училищесінде білім алған. Училищені бітіргеннен кейін Екібастұз туберкулез диспансерінің балалар бөлімінде 5 жыл, Черное ауылының фельдшерлік – акушерлік пунктінде медбике болып 2002 жылға дейін жұмыс істеді.
2002 жылы Павлодар ауданының Мичурино ауылына көшуіне байланысты Айслу Темірбаева психохрониктер үйінде («Облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету психоневрологиялық орталығы» КММ) медбике болып жұмысқа орналасып, қазіргі уақытта осы лауазымда 21 жыл жұмыс атқарады.
Жұмыс барысында ол өзін жұмыс тәжірибесін іс жүзінде шебер қолданатын және одан әрі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын сауатты маман ретінде танытты.Оның еңбегі облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мекемесі мен басқармасының Құрмет грамоталарымен, дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек демалысына шыққаннан кейін Айслу Темірбаева ұжым мен кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі болып, осы мекемедегі еңбек қызметін жалғастыруда.