Көреген басшы елді өсіреді

Бокенова Айгуль Мадиевна 1965 жылы Май ауданы Қызыл-Құрама ауылында дүниеге келген. Ермак мәдени ағарту училищесін бітіріп, Май ауданында клуб меңгерушісі, балабақша тәрбиешісі болып еңбек еткен.


Қай салада істесе де ол өзің еңбекқор, талапты қызметші ретінде көрсетіп, ерекше көзге түскен.
2002 жылдан Ақсу қаласының гимназиясында жұмыс істеуде. Айгуль Мадиевна – өз ісінің шебері. Осы мекемеде жұмыс істеген уақытында ол өзін шаруашылық бөлімінің жауапты меңгерушісі ретінде көрсетті. Персоналдың іс-әрекетін және басқа бөлімшелердің қызметін шебер үйлестіру үшін жабдықтау менеджерінің үлкен ұйымдастырушылық қабілеті, аналитикалық ақыл-ойы, өндірістік стратегия мен тактиканы әзірлеу қабілеті бар. Айгуль Мадиевна қармағындағылардын құрметіне қол жеткізіп, әріптестері арасында беделге ие. Қол астындағыларға қамқорлық көрсететін әділ басшы.
Айгуль Мадиевна жолдасымен келін түсіріп, немерелерінің тәрбиесіне бас-көз болып, аяулы әже боп отырған, берекелі шаңырақ иесі. Қазіргі таңда екі ұлы елімізге қызмет етіп жатқан азаматтар.