Ірі алпауыт өндіріс орыны

Батыс Қазақстан аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің делегациясы Ақтөбедегі жұмыс сапары барысында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болды.
Ақтөбе облысындағы ең ірі алпауыт өндіріс орындарының бірі де бірегейі болып табылатын «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1, №2 жене №4 цехтарымен зауыттың бүгінгі тыныс- тіршілігімен, өндіріс процесімен танысты.


Батыс Қазақстандық әріптестеріміз Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғауды бақылауды күшейтуге бағытталған «Халықтық бақылау» жүйесімен танысты. Кәсіподақтардың бастамасымен іске қосылған жоба аясында өндіріс орнында мүгедектікке ұшыраған қызметкерлер бірнешге жылдардан бері бүгінде бейнебақылау операторлары болып жұмыс істейді. Бір оператор 13 камераны қарайды. Ауысым бойынша 4 сағаттан жұмыс жасайды. Әр бақылаушы ноутбук, модем және телефонмен қамтылған. Кәсіпорын интернет пен телефон байланысымен қамтамасыз етеді.


Қазір Ақтөбе облысындағы бірнеше ірі кәсіпорындарда бұл жоба енгізіліп, оң нәтижесін беруде. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігін жақсартуға арналған халықаралық “Кайдзен”бағдарламасы да енгізілуде .Кездесу барысында өндірісте қауіпсіз еңбектің сақшылары болып жүрген техникалық инспекторлардың білімі мен біліктілігін арттыру, жұмыстарын жандандыру, ынталандыру сияқты өзекті мәселелерге де кеңінен тоқталды.«Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірлескен кәсіподағының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров атап өткендей,кәсіпорында жоба жүзеге асырылғанынан бері қауіпсіздік техникасының бұзылу фактілері едәуір төмендеген.Зауытта 4 мыңнан аса адам жұмыс жасайды. Олардың барлығы – кәсіподаққа мүше.
Өндірістік кеңес 2017 жылдың наурыз айында құрылған. Жұмысшылардың барлық мәселелері әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс берушілермен бірге шешіледі.
Қазірде тұрақты айлығы, жұмыскерлердің құқығын қорғайтын ұжымдық шарты бар облыстағы ең ірі алып зауытта жұмыс істеу кез-келген жастардың басты арманы.