«Адал азамат – Адал еңбек»

Еңбек күні қарсаңында өзін ауыл шаруашылығына арнаған жан жайлы баяндамақпыз.
Ауылдағы өмір оңай емес, бәріне күш салу керек, жауапты, еңбекқор болу керек. “Басқаша болу мүмкін емес, өйткені ауылда бәрі-бәрі көз алдында”, – дейді Жиембаева Рысалды Ахметқызы.


Рысалды Ахметқызы – “Алтынсарин” ЖШС-де аспаз, тату, еңбекқор отбасында дүниеге келген. Әкесі мен шешесі өмір бойы үй шаруашылығында болған. Олар берген тәрбиені Рысалды Ахметқызы мен оның бауырлары бүгінде өз ұрпақтарына беріп жатыр. Бүгінгі таңда Рысалды Ахметқызы еңбек әулетінің басшысы. Жиембаевтар отбасының барлық еңбек өтілін  229 жылды құрайды. Рысалды Ахметқызы өзінің еңбегімен отбасы дәстүрлерін жалғастыра отырып, кәсіпорынның өркендеуі мен дамуына зор үлес қосып келеді, көрген-білгенін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.
“Еңбек жолы” конкурсының өңірлік кезеңінде Рысалды Ахметқызы және оның отбасы “Үздік еңбек әулеті” номинациясында бірінші орынға ие болды. Отбасына одан әрі жеңіс, мықты денсаулық пен амандық тілейміз.