2023 жылғы 22 қыркүйекте «Семей медицина университеті» КЕАҚ Павлодар филиалында қызметкерлермен өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтау, жазатайым оқиғаларды зерттеу, жұмыс орындарының мониторингі, қызмет көрсетуші персонал қызметкерлерінің арнайы киіммен қамтамасыз етілуі бойынша «Өндірістік жарақаттанудың профилактикасының бірыңғай күні» тақырыбында дәріс өткізілді.
Бұл дәрістің міндеті: «СМУ» КЕАҚ ҚБ қызметкерлерінің өндірістік жарақаттану және кәсіби зияндылық, жазатайым оқиғаларды зерттеу туралы білімдерін кеңейту, қызметкерлердің жазатайым оқиғалардың жіктеуіші, оларды қолдану туралы түсініктерін бекіту, олармен байланысты проблемалардың мәнін ашу, осы проблемаларды шешу жолдарын талқылау.Қызметкерлердің өндірістік жарақаттану туралы білімдерін тереңдетуге ықпал ету.
Халықтың жарақаттануы және жарақаттанудың алдын алу-бұл қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудың маңызды проблемаларының бірі, оның өзектілігі тек медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық аспектілермен анықталады.
Өндірістік жарақат- бұл жұмысшылардың өндірісте алған жарақаттары және, әдетте, еңбекті қорғау талаптарын сақтамау салдарынан болады.
Өндірістік жарақаттануды азайту үшін еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтау қажет, қызметкерлер жарамды жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілуі керек. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер жиынтығы бар алғашқы көмек қобдишасы болуы керек. Жұмысқа жаңадан қабылданғандардың барлығы медициналық тексеруден және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамадан өтеді. Осы саладағы құзыреттілікті арттыру және білімді толықтыру және оларды тексеру тұрақты болуы керек.