Мұғалімнің жетістігі – еңбегінің нәтижелі болуы

Мусабекова Мадина Даркеновна 14 қаңтар 1959 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Агрономия ауылында туған. 1980 жылы Павлодар педагогикалық институтун бітірді. Еңбек жолын Ақтоғай ауданы Октябрь орта мектебінде бастады. 1997 жылдан бастап Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, 2005 жылдан бастап директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда.


Білім беру саласында көп жылғы еңбегімен танылып, өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне зор үлес қосып, тынбай еңбек етуде. Педагогикалық шеберлігі қалыптасқан, тәжірибесі мол, мәдениеті, әлеуеті жоғары, жетекші тұлға ретінде табылады. Оқу-әдістемелік дайындығы мол, оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастырады.
Мұғалімнің педагогикалық бейнесінің негізі- өз еңбегінің нәтижелі болуына жеке жауапкершілігінен, әрдайым шығармашылық ізденісінен тұрады.
Қызметтік міндеттерін адал орындайды, табандылық пен бастамашылық байқатады. Алдында тұрған міндеттерді шешуге күш-жігерін шебер бағыттайды. Әріптестері, мектеп оқушылары және ата-аналар арасында зор құрметке ие.
Облыстың білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Павлодар облысының білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен (2013), Павлодар облысының білім
беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Алғыс хатымен (2015жыл); «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың Инновациялық орталығының» Алғыс хатымен (тамыз, 2015ж), Павлодар облысының білім беру басқармасының «Алғыс» грамотасы (2015ж.), Павлодар қаласы әкімінің сыйлығымен (тамыз, 2015ж) марапатталды, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы (2016ж.), «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы (2017ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2019ж.) марапатталған.
Мусабекова Мадина Даркеновна білім беру саласында көп жылғы еңбегімен танылып, өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне зор үлес қосып, тынбай еңбек етуде. Педагогикалық шеберлігі қалыптасқан, тәжірибесі мол, мәдениеті, әлеуеті жоғары, жетекші тұлға ретінде табылады. Алдында тұрған міндеттерді шешуге күш-жігерін шебер бағыттайды.