Василий Георгиевич өзінің еңбек жолын 1993 жылы Тобыл жол дистанциясында монтер болып бастады. Екі жылдан кейін ол әскерге шақырылып, әскерден оралған соң теміржолға қайта келді. Бүгінде ол көлемді учаскені сауатты басқарады. Оған сеніп тапсырылған учаске – ең қиын және үлкен учаскелердің бірі болып табылады. Қиындықтарға қарамастан, ол технологиялық процестердің сақталуына тиімді бақылау жүзеге асырады, қажет жағдайларда олардың бұзылуының себептерін жедел анықтап, жояды.
Василий Георгиевич-өндірістік бригадалардың білікті үйлестірушісі. Оның басшылығымен учаске жұмысшылары барлық өндірістік міндеттер мен тапсырмаларды тұрақты және уақытылы орындайды. Василий Георгиевич қандай лауазымда жұмыс істесе де, ол әрқашан өзінің әріптестерін өндірістің алдыңғы қатарына шығарады. Еңбек жетістіктерінен басқа, оның учаскесі әрдайым барлық мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысады, Тобыл жол дистанциясының қоржынына бірнеше медаль әкеледі.
Жұмыс істеген жылдары В. Г. Заблоцкий көптеген марапаттарға ие болды, олардың арасында «Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің» директоры Б. Т. Баймағамбетовтан Алғыс хат, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниясының президентінен «Адал еңбегі үшін» медалі, “ҚТЖ-ға 25 жыл” мерейтой медалі, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісі, кәсіподақтар жүйесіндегі жемісті, көп жылдық еңбегі және кәсіподақ қозғалысын қалыптастыруға, нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Құрмет грамотасы бар.
В. Г. Заблоцкийдің Тобыл жол дистанциясының жол -сапар шаруашылығындағы кәсіби дәстүрлерін сақтауда және жас ұрпақты тәрбиелеуде сіңірген еңбегін бағалаймыз.