ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы өкілдері арасында кездесу өткізілді. Жиын барысында Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Болашақ қазірден бастап қалану керек, оған жоспар керек.Әмірғалиев орталықтың жұмыс барысымен таныстырып,жоспарлы атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде баяндады.

Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығында 132 мың кәсіподақ мүшелері бар. Оның 1181 бастауыш, 10 салалық, 15 жергілікті кәсіподақ ұйымының қызметін үйлестіреді.
Бүгінгі күнге дейін облыста 5 455 меморандумға қол қойылған, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының 51% құрайды, облыстың барлық 49 ірі кәсіпорындарымен меморандумдар жасалды. Нәтижесінде, жұмыс орындар сақталып, 100-ге жуық кәсіпорын 50 мыңнан астам жұмысшының жалақысын орта есеппен 15-20%-ға көтерді.

Еңбек дауларының алдын алу мақсатында, еңбек жанжалдары туындауы мүмкін мекемелер «Еңбек тәуекелдер картасына» енгізіліп отырады. Соған байланысты, жедел келіссөздер жүргізіліп, жанжалдарды болдырмау мақсатында жұмыс жүргізіледі. «Еңбек елшісі» келіссөз жүргізушілер тобына облыстың 7 беделді беделді тұлғалары енгізілген.

Өндірістегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейту бағытында Ақтөбе облысында Халықтық бақылау жобасы жүзеге асырылуда. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен олар өндірістегі барлық қауіпсіздік ережелерінің бұзылуын ауысым бойынша қадағалайды. Бұл қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. «Халықтық бақылау» жобасы 2019 жылғы мамыр айында «Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауытында таныстырылды.Қазіргі таңда ол тәжірибені белсенді түрде бірқатар ірі компаниялар қолданып, жақсы нәтижелерге жетіп жатыр.

Сонымен қатар, облыс кәсіпорындарында «Vizion zero»  тұжырымдамасы аясында жұмыстар атқарылады. Тұжырымдама жарақат деңгейінің нөлдік, ал еңбек жағдайларының қауіпсіз болуына негізделетін қағидаттар бойынша жұмыстанады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы осы тұжырымдама аясында қызмет етеді. Соған орай, өндірістік жарақаттану деңгейін айтарлықтай төмендетіп, жазатайым оқиғалар мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын қысқартуға мүмкіндік беретін алдын алу шараларын іске асыруда.

Сонымен қатар, Кәсіподақ Орталығы өз жұмысын облыс әкімдігінің “RD JARDEM” ахуалдық орталығына қосылды. Бұл ахуалдық орталықтың негізгі мақсаты жедел ақпаратты аналитикалық өңдеу негізінде жалыққа жедел көмек беріп сұрақтарын шешу. Енді бұл жобаға Заң клиникасының филиалы қосылды. Осылайша, ұялы телефоннан тәулік бойы кез келген адам 109 нөмірін теріп, еңбек дауларына қатысты сұрақтар қойып, мамандардың құзыретті жауаптарын ала алады.

Өзара тәжірибе алмасу өңірлік Кәсіподақтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы еңбеккерлердің мүддесін қорғап, кәсіподақ жұмысын ілгерілетуге мол септігін тигізеді.