Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының қатысуымен Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде аудандық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде еңбек заңнамаларын сақтау, жұмысшыларды қысқартпау, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушалардың құқықтары мен жазатайым оқиғалар болған жағдайда міндетті сақтандыру, кәсіпорындарда еңбек дауларын болдырмау, жұмысшылардың жалақысын көтеру және жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу мәселелері кеңінен қаралды.
Өз кезегінде Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов облыстық кәсіподақтар орталығының жұмысын, оның ішінде өңірдегі салалық кәсіподақ ұйымдарының атқарып отырған жұмыстарын жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы билығы жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, кәсіпорындарда өндірістік жарақатқа жол бермеу, өндіріс орындарында адам өмірі мен денсаулығын сақтау шараларын басты назарда ұстаудың маңыздылығына атап өтті. Сонымен қатар ауданда кәсіподақ ұйымы жоқ кәсіпорындар мен мекемелерде кәсіподақ ұйымдарын құру қажеттігін атап айтты.
Сондай-ақ отырыста Жамбыл облысы оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Т. Рықұлов аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы А. Баймуратова мен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалына қарасты ауданық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ш. Сәрсенқұлованың аудандағы кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалды.
Айта кетсек, бұл ауданда биылғы жылы 6 рет үшжақты комиссия отырысы өтіп, онда 10 жұмыс берушілердің мәселесі қаралып, 180 жұмыскердің құқығы қорғалған.
Жиын соныңда облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы көтерген мәселерлері жөнініде және күн тәртібінде қаралған сұрақтар бойынша аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер жүктеді.
Жамбыл облысы кәсіподақтар
бірлестігінің баспасөз қызметі