Ұрпақтар кездесуі

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күні қарсаңында Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауытының ардагерлерімен «Факел» демалыс үйіне барып кездесті.

Еңбек ардагерлерінің атына кәсіподақтардың қалыптасуы мен өндірістің дамуына қосқан үлесі үшін «QAZAQMETALL KASIPODAGY» Қазақстан салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Р. Ж.Даумовадан, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Д. Н. Айтжановадан, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Г. Н. Атабаевадан, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы М. А. Ивановадан зор алғыс сөздер айтылды.

«Мемлекет тарихының дамуының күрделі жылдарында кәсіптік одақтарды сақтап қалған, кәсіподақ қозғалысына жаңа даму мен қызмет бағытын берген еңбек адамдарының ұрпақтарының сабақтастығы кәсіподақ бірлестіктерінің жастар қанаты үшін зор маңызға ие. Бүгін біз еңбек ардагерлерінің табандылығына, олардың батылдығы мен еңбекқорлығына басымызды иеміз. Өңіріміздің экономикасын дамытуға және кәсіподақ қатарларын сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз»,- деді Д.Н. Айтжанова.

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауытының ардагерлері өздерінің еңбек қызметі, зауыттың бастауыш кәсіподақ ұйымы құрамындағы қоғамдық жұмысы туралы естеліктерімен бөлісіп, еңбек жолында кездескен күрделі мәселелерді шешу жолдары туралы айтып берді.

Ардагерлер үшін және ардагерлердің қатысуымен осы тамаша мерекеде әндер, билер, өлеңдер, тақпақтар шырқалды.

Жас кәсіподақ көшбасшылары мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлерінің ұрпағын біртұтас екпінмен біріктірді.