КӘСІПОДАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ

“Жайлау” шипажайының базасында құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қостанай филиалы атқару комитетінің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті, онда мүшелік ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері қаралды. Отырысқа филиалдың мүшелік ұйымдарының кәсіподақ жетекшілері қатысты.


Филиал төрағасы Хайдар Қамбаров кәсіподақ активін ағымдағы кезеңде атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы таныстырды. Кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қоғамдық бақылауды күшейту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтау, өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлардың жұмысы туралы мәселелерді талқылады.
Кәсіподақ жұмысының сапасын арттыру бойынша пікір алмасты, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары өзекті сұрақтарына жауап алды.
Отырыс жұмысының ресми бөлігінен кейін кәсіподақ жетекшілері «Ұласпалы реакция» тақырыбында тим-билдинг өткізуге қатысты. Сондай-ақ, бастауыш ұйымдарының төрағалары боулинг пен бильярд ойынында бақ сынасты. Жүлделі орындарға ие болған үздіктер құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Таза ауада өткен демалыс пайдалы және қызықты өтті.