Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының қатысуымен Жамбыл облысының Меркі ауданы әкімі Жорабек Баубековтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде еңбек заңнамаларының сақталуы, жұмысшыларды қысқартпау, жұмысшыларды жазатайым оқиғалар болған жағдайда міндетті сақтандыру, кәсіпорындарда еңбек дауларын болдырмау, жұмысшылардың жалақысын көтеру және ауданда жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу мәселелері кеңінен қаралды.
Отырыста Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов облыстық кәсіподақтар орталығының жұмысына, облыстық үшжақты комиссия отырысында қаралатын негізгі мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ өңірдегі салалық кәсіподақ ұйымдарының еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғауда атқарып отырған жұмыстары жайында ақпарат берді. Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы билығы жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, кәсіпорындарда өндірістік жарақатқа жол бермеу және ондағы техниалық инспекторлардың жұмыстарын күшейту бағытында сөз қозғады.
Ауданда жұмыс істеп тұрған 439 кәсіпорын бар. Осы ұйымдарда, әсіресе ауылшаруашылығы мен орта және кіші бизнес салаларында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құрудың маңыздылығын, жиынға арнайы қатысып отырған ауыл әкімдері, жұмыс берушілер мен шаруа қожалықтарына жан-жақты айтып берді.
Басқосуда Жамбыл облысы оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Т. Рықұлов аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Мадина Асанжанова мен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалына қарасты ауданық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанат Оспанованың атқарған жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалды. Бұл тұста жергілікті жерде шешімі табылуы тиіс бірқатар мәселелер айтылып, комиссия мүшелерімен талқыланды.
Айтар болсақ, бұл ауданда биылғы жылы 6 рет үшжақты комиссия отырысы өтіп, онда 5 жұмыс берушілердің мәселесі қаралып, 217 жұмыскердің құқығы қорғалған. Ұжымдық шарт жасаған саны – 423 ұйымды құрап, қамтылу деңгейі 96,4% құрап отыр.
Жиын соныңда аудан әкімі, аудандық үшжақты комиссияның төрағасы комиссия отырысында қаларған мәселерлер жөнінде жауапты тұлғаларға нақты хаттамалық тапсырмалар беріп, комиссия мүшелеріне бірқатар міндеттер жүктеді.
Жамбыл облысы кәсіподақтар
бірлестігінің баспасөз қызметі