Спорт – біздің серігіміз

Ертіс шаңғы базасында өткен жыл сайынғы «Күзгі кросс» жарысына 40-тан астам маман қатысты. Қатысушылар әртүрлі жас санатындағы ерлер мен әйелдер, «Павлодарэнерго» электр жүйесі жергілікті кәсіподақ ұйымының мүшелері болды.

Павлодарэнерго компаниялар тобының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті кәсіподақ ұйымына кіретін кәсіпорындардың жұмысшылары арасындағы «Күзгі кросс» байқауы дәстүрге айналды. Бұл спорт түрі компания тобының қызметкерлері арасында өте танымал. Жарысқа көптеген мамандар отбасымен, балаларымен, немерелерімен келді.
Жарыс ережесіне сәйкес, жекелей жарыста 18-29 жас аралығындағы әйелдер – 1000 м, 29 жастан жоғары әйелдер – 500 м; 18 жастан 29 жасқа дейінгі ерлер – 1500 м, 30-дан 49 жасқа дейін – 1000 м, 50 жастан жоғары – 500 м. Сондай-ақ командалық жарыстар өткізілді.


Жарыс нәтижесінде 1-ші командалық орынды «Каустик» АҚ командасы, екінші орынды «ПРЭК» АҚ командасы иеленді.


Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыс соңында қатысушылар мен жанкүйерлерге ыстық шай, кофе мен тәттілер ұсынылды.


Қатысушылар спорт мерекесін ұйымдастырғаны үшін кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.
Кәсіподақ төрағасы Балтабек Төлеубаев атап өткендей, кәсіподақ спортқа үлкен көңіл бөледі және спорттық жарыстардың күнтізбесіне сәйкес қазан айында гир көтеру және қол күресінен кезекті турнир өтеді. Қараша айында бильярдтан жарыстар өтеді деп күтілуде. Жыл соңында желтоқсан айында «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» атты отбасылық жарыстар өтеді.