Кәсіподақтар күні қарсаңында Ақтөбе облысында кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен еңбек жастары өкілдерінің қатысуымен «Ұрпақтар кездесуі» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға қатысқан Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев өткен Халықаралық қарттар күнімен және алдағы Кәсіподақтар күнімен құттықтап, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан жемісті еңбегі мен елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.
Кәсіподақтар орталығының басшысы іс-шара қатысушыларына кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Алтынбек Әмірғалиев кәсіподақ қозғалысының қалыптасуым ен дамуына ардагердердің қажырлы еңбегін атап өтті.
Өз кезегінде, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері қазіргі Кәсіподақтар федерациясымен және оның мүшелік ұйымдарымен жасалып жатқан жұмыстарына қуанышпен қарап, еңбек жастарымен пікір алмасып, елімізге еңбек ету қажеттілігін түсіндірді.
Кәсіподақтың барлық бағыттар бойынша қалай жұмыс істегені туралы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподақ ардагерлер Совет Дербісов естеліктерімен бөлісіп, ризашылығын білдірсе, «Актобесельмаш» зауытының кәсіподақ ардагері Қобыланды Нұрхасанов ұжымдық шарттың сапасына тоқталып, «Кодекс трудовой чести коллектива завода Актюбинсксельмаш» атты мақаланы жастарға жария етті. Осы кезде олардың атқарған еңбектерін ескере отырып, Совет Дербісовпен Қобыланды Нұрхасанов «Еңбек даңқы» медалімен мараппатталды.
Өз кезегінде жастар аға буындардың тәжірібиесін ескеріп, өз ойларын пікірге салды. «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы А.Ажиниязов қазіргі кәсіподақтың жастарға ерекше көңіл бөліп жатқанын, сонымен қатар ұжымдық шарт арқылы жастардың тұрмыс-тіршіліктерін жақстартып жатқандарын жеткізді. Ұжымдық шарт арқылы жастарға үй, пайыссыз несие алу, бала туылған кезде әлеуметтік қолдау көрсетілетіндігі туралы тәжірибемен бөлісті.