Еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда

Қазақстан Республикасы мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы  Бастарбек Пірімбетов және төраға орынбасары Руслан Шеримов «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кезекті кездесуін Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханасының  бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері қатысушылармен салалық кәсіподақтың қызметі және жұмыс берушілер  мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстары және еңбек ұжымдық шартының жобасы  аясында сөз қозғады.
Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы Бастарбек Пірімбетов биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартып  еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарымен таныстырды.
Бұдан бөлек, 10-қазан «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай бірқатар кәсіподақ белсенділеріне салалық кәсіподақтың  Құрмет грамоталарын табыстады.
Айта кетейік, аталған мекемені Гүлсін Дәулетбаева басқарады және мекемеде 45 еңбеккер жұмыс істейді. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кіреді.  Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Зарина Бархыбаева.