Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Н.Айтжанова «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен және Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнімен мерекелік іс-шарада құттықтады.
«Қазақстан электролиз зауыты ERG компаниясының тобына кіреді. Кәсіпорынның даму тарихы 2003 жылдан бастап зауыттың салынуымен басталады. Зауыттың қалыптасуы мен дамуы сіздердің баға жетпес қатысуларыңызбен басталды, құрметті ардагерлер! Сіздер зауыттың қуатын құрып, жабдықтап, іске қосып, дамытып қана қоймай, сонымен қатар қуатты қоғамдық кәсіби әлеуеті бар алғашқы кәсіподақ ұйымын құра алдыңыздар. Еңбекқорлықтарыңыз, мамандыққа және зауытқа деген сүйіспеншілігіңіз, төзімділік пен батылдығыңыз, біздің өңірдің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!»,- деді Д.Н.Айтжанова.
«QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р. Ж. Даумова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А. Л. Клименко ардагерлерді құттықтады.
Ардагерлер өздерінің Қазақстандық электролиз зауытындағы қызметі, кәсіподақ қозғалысының қалыптасуы мен дамуы туралы естеліктерімен бөлісті.