Ардагерлер – ел мерейі

Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесі қарсаңында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Астана» филиалы кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Ұрпақтар кездесуі форматында өткен іс-шараға теміржол торабында үзақ жылдар еңбек еткен, кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Дүйсемалиев, елордалық ардагерлер кеңесінің төрайымы К.Садықова және бірқатар ардагерлер шақырылды.

Кездесу барысында ардагерлер өмірлік тәжірибелерімен, еңбек қызметіндегі қызықты сәттерімен, теміржол торабының дамуы мен қалыптасуы жолындағы естеліктерімен бөлісті.

«Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев жемісті еңбек етіп, бүгінде зейнетін көріп отырған және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген ардагерлерді кәсіподақ күні мерекесімен құттықтай келе, Орталық кеңес атынан ардагерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіп, жылы лебізін білдірді.