АРДАГЕР АҒАНЫҢ АҚ БАТАСЫ

Кәсіподақ ардагері Өмірбек ағамен әңгімелесіп, сәлем беріп қайттық.
Өмірбек аға, ғұмырын кәсіподаққа арнаған ардагер. Сонау 1971 жылы ОҚО кәсіподақтар кеңесіне мәдени – көпшілік және спорт – физкультура бөлімінің меңгерушісі болып қызметке келеді.


1980 жылы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің төрасы болып сайланады. 2002 жылы зейнеткерлікке шығып, 2007 жылға дейін ОҚО кәсіподақтар кеңесінің ардагерлер кенесінің қоғамдық негіздегі төрағасы қызметін атқарды. Кеңес өкіметі кезіне партия басқарған кәсіподақ пен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кәсіподақты қайта бірігуіне қосқан үлесі мол. Зейнеткерлікке шыққан соң да кәсіподақ тарихында өз орны болатын, кәсіподақ активінің жұмысына көмек болар «Ғұмыр ғибраты» атты кітап жазды. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Түлкібас ауданының Құрметті Азаматы. Бірнеше кітаптарының авторы.
Жары Несіпкүл жеңгеміз 33 жыл жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу – Ұлағатты ұстаз қызметін атқарған.
Несіпкүл жеңгеміздің шайын іше отырып, әңгіме барысында Тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, еліміздің дамуына үлес қосып, Ел тәуелсіздігінің тұғыры биік болуын сөз еттік. Бүгінгі жетістіктің негізгі басты себебі —егемендік екеніне тоқталдық. Бұл ретте кәсіподақтардың белсенділігі мен қосар үлесі, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап өттік.
Өмірбек аға мен Несіпкұл жеңгеміз, өз өмірлері мен жүріп өткен жолдарынан естеліктер айта отырып, ақыл-кеңестерін айтып, «Мақсаты бір, арманы биік мерекеміз баршаңызға мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, бейбіт те берекелі өмір әкелсін!» – деп, ақ батасын берді.
Бізде өз тарапымыздан Өмірбек аға мен Несіпкұл жеңгемізді қос мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр, отбасы бақытын тіледік.