Жыл сайын 7 қазанда Халықаралық еңбек ұйымы, сондай-ақ Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы Лайықты еңбек үшін дүниежүзілік іс-қимыл күніне арналған іс-шаралар өткізеді.
Биылғы жылы жаһандық назар әлемдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі мен барлық жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін күреске аударылып отыр. Үкіметтер жұмыс істейтін әйелдер мен ерлердің лайықты жалақы мен қауіпсіз және сенімді жұмыс туралы үндеулеріне құлақ асуы керек. Бұл ең төменгі жалақы лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек және барлық жұмысшылар кәсіподақ пен ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығына ие болуы керек дегенді білдіреді.
Бұл бастаманы әлемдегі барлық кәсіподақтармен қатар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары да қолдайды.
«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің «Астана» филиалының кәсіподақ көшбасшылары бас қосып, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын сақтау, жұмыс орындарын сақтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, еңбекақы төлеу жүйесі, қосымша төлемдер мәселелерін талқылап, флешмоб ұйымдастырды.