МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесіне орай,  Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаевтың ұйымдастыруымен Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Жасыл аймақ МКК-ның қызметкерлерінің арасында халықаралық футбол федерациясы бекіткен ережеге сәйкес шағын футболдан турнир өткізілді.
Турнир барысында 8 команда, 100-ге жуық кәсіподақ мүшелері қатысты.
Басты мақсат – Кәсіподақтар күнін лайықты атап өтіп, қызметкерлер арасында спорттық қарым-қатынас пен достықты нығайтып,  салауаттылық құндылықтарды насихаттау болып табылады
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған  жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев қызметкерлерді 10 қазан – «Қазақстан Кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойын көрсеткен ойыншыларға кубок,  арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Аталған мекемеде 600 еңбеккер жұмыс істейді. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кіреді.