ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР КОНФЕДЕРАЦИЯСЫ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ШАРТТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин онлайн режимде Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясының (ХКК) VI кезектен тыс конгресінің жұмысына қатысты. Конгресс жұмысына әлемнің 163 елінен 175 миллион жұмысшының мүддесін білдіретін 300-ден астам делегат қатысты.

Отырысты аша отырып, ХҚК Президенті Акико Гоно күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің қатарында Ұйымның Бас хатшысын сайлау және V Дүниежүзілік Конгрестен кейінгі ХҚК қызметі туралы есепті қарау және жаһандық кәсіподақ бірлестігінің жақын арада күн тәртібін айқындау керектігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі жеке мәселе Палестина-Израиль қақтығысы кезінде туындаған жағдайды қарастырып, Палестина мен Израильдің кәсіподақ жетекшілері өз пікірлерін білдірді.

Ұйымның ұсынған баяндамасында ХКК бейбіт ұйым болып табылатыны және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1967 жылы 22 қарашада қабылданған № 242 резолюциясын жүзеге асыруды қолдайтыны, онда барлық Таяу Шығыс мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және саяси тәуелсіздігін мойындау қажеттігін атап өткен.

Өкілеттіктерді тексеру жөніндегі комитеттің төрағасы Лиз Шулер ХКК Бас хатшысының кандидатурасы бойынша сайлау процесінің барысы туралы айтып берді.Оның айтуынша, Комитет Люк Трайнглдың өкілеттіктерін растады және оның сайлануын акламация (қоғамдық мақұлдау) арқылы жарамды деп таныды.

Естеріңізге сала кетейік, Люк Трайнгл 2023 жылдың сәуір айынан бастап ХКК Бас хатшысының міндетін атқарушы болып табылады. Бұл сайлауда ол жалғыз кандидат болды.

Сайланған Бас хатшы әріптестеріне сөз сөйлеп, сенім білдіргені үшін алғысын білдірді.

“Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясын басқару мен үшін үлкен мәртебе. Біздің ортақ міндетіміз – осы диалогты жалғастыру, бірлік пен ынтымақтастықты сақтау. Біздің күшіміз бірлікте. Айта кететін жайт, ХКК-нің барлық мүшелік ұйымдары өз пікірлерін білдіруге құқылы, бұл бізге ортақ ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрбір ұйым шешім қабылдау процесіне қосылғанын сезінуі керек”, – деп атап өтті Люк Трайнгл.

ХКК Бас хатшысы ұйымның негізгі міндеттерін мүше ұйымдардың сенімін нығайту, демократиялық процестерді дамыту, қаржылық тұрақтылықты, бірлескен іс-қимылдардағы ашықтық пен тұтастықты қамтамасыз ету деп белгіледі.

ХКК статистикасына сәйкес, әлемдегі ең бай адамдардың 1% -ы 90-шы жылдардан бері жиналған барлық байлықтың 38% -ын иеленсе, ең кедей 50% -ы тек 2% -ға ие.

Люк Трайнгл атап өткендей, жыл сайын 50 миллион адам құлдыққа түседі,  3 миллион адам жұмыс орнында қаза табады, 100 миллионға жуық адам жарақат алады, 685 миллион адам өте нашар жағдайда өмір сүреді және 4 миллиард адам әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтылмайды

«10 елдің 9-ында үкімет кәсіподақтардың ереуілге қатысу құқығын, 10 елдің 8-інде – ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығын, 10 елдің 6-да – бірлестіктер бостандығы құқығын шектейді. Жұмысшыларға қатысты зорлық-зомбылық 44 елде, ал кәсіподақ белсенділерін өлтіру 8 елде тіркелді», – деп Люк Трайнгл статистикалық мәліметтерді келтірді.

ХКК Бас хатшысы атап өткендей, мұндай жағдайдан шығудың ең тиімді жолы жаңа қоғамдық шартты қабылдау болып табылады.

“Жаңа қоғамдық келісім алты талапқа негізделген: жұмыспен қамту, жалақы, құқықтарды сақтау, әлеуметтік қорғау, теңдік, инклюзивтілік.Осы талаптарды жүзеге асыру барлығына жақсы бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етеді.Барлық жұмысшылар, соның ішінде жастар, жұмысшы әйелдер, мигранттар, платформа жұмысшылары және басқа да осал топтар пайда көреді.ХКК мүше ұйымдарды өз елдерінің үкіметтерімен жаңа қоғамдық шартты ілгерілету мәселелерінде қолдайды”, – деп атап өтті ХКК Бас хатшысы.

Белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін ол әріптестерін халықаралық институттармен: ХЕҰ, ACTRAV, жаһандық кәсіподақ федерацияларымен және барлық ұлттық мүшелік ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Кездесу барысында Президенттің орынбасарлары Кэти Фейнголд пен Антонио Лисбоа, Бас хатшының орынбасарлары Жордания Уренья Лора, Экрик Мвези Манзи және Оуэн Тюдордың баяндамалары тыңдалды.

Оуэн Тюдор өз сөзінде еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.

“Жалпыға ортақ және берік бейбітшілік тек әлеуметтік әділеттілік негізінде орнатылуы мүмкін. Ал әлеуметтік әділеттілікке тек қауіпсіздік жағдайында қол жеткізуге болады. Біз жыл сайын өндірісте миллиондаған адамдардан айырыламыз. Кәсіподақтар қауіпсіз еңбек жағдайларын бақылауды күшейтуі керек.  Жұмыс орнында ешкім өлмеуі керек”, – деп атап өтті ХҚК Бас хатшысының орынбасары.

Өз кезегінде ХКК-нің БЕАК  Президенті Ираклий Петриашвили әрбір кәсіподақ ұйымының жаһандық кәсіподақ күн тәртібін іске асыруға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, жаңа қоғамдық шартты ілгерілету үшін арнайы қор құруды ұсынды.

АҚШ, Бразилия, Ботсвана, Германия және басқа да елдердің ХКК-ке мүше ұйымдарының өкілдері бірлескен іс-шаралардың келешегі туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы Орталық Азиядағы ХКК-нің жалғыз мүшелік ұйымы бола отырып, Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі шеңберінде Ұлттық және өңірлік деңгейлерде жаңа қоғамдық шарттың негізгі қағидаттарын ілгерілетіп отырады.

Еске салайық, 2022 жылы қарашада Мельбурн қаласында өткен V конгресс аясында ХКК Бас кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына мүшелігі қалпына келтірілді.Бұл Қазақстанның ұлттық кәсіподақ орталығының әлемдік кәсіподақ қозғалысының серіктестерімен өзара іс-қимылын нығайтуға мүмкіндік берді.Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ХКК штаб-пәтерінде болып, ұйым басшылығымен, оның ішінде МКП Бас хатшысының м.а. Люк Трейнглмен бірқатар кездесулер өткізді.Тараптар МКК ұсынымдарын іске асыру, жаңа қоғамдық шартты, Халықаралық еңбек нормаларын ілгерілету, әлеуметтік әріптестікті дамыту, қауіпсіз тұрақты өмірді қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдар мәселелерін талқылады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы