“Марапат өз иесін табады” деген халық даналығы бар. Мұғалім қоғамның басты тұлғасына айналуға тиіс.
Ғани Бейсембаев
Сайрам ауданы білім бөлімі Төле би атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.
“ШАПАҒАТ-ПЕДАГОГ” білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиева арнайы барып, ұлағатты ұстаздарды жақында өткен Халықаралық қарттар және ұстаздар күні мерекесімен құттықтап, білім саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін алғысын білдірді. Ардагер ұстаздар Қадірәлі Асқарбек Құдайбергенұлын және Қадірәлі Қасымбек Амировты Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министірі Ғ. Бейсембаевтың Алғыс хатымен марапаттап, сый құрмет көрсетті.
Сондай- ақ кәсіподақтар мерекесіне орай осы білім ордасының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Кұттыбаев Аллакулбек Нуралиевичті “Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапттады.
Кәсіби мереке аясында ұйымдастырылған іс-шарада ардагер ұстаздар сөз алып, құрмет көрсеткен кәсіподақ төрайымына және мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, игі тілектерін жеткізді. Ал, ардагер ұстаздар шәкірттері қандай да бір жетістікке жетсе, ұстазға одан артық бақыт жоқ екендігін, шәкірттерінің жетістігімен әрдайым мақтанып, марқайып жүретіндіктерін жеткізді.