КӘСІПОДАҚТАР БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ҚОЛДАЙДЫ

14 қазан күні  «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағының Бөрлі аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің арасында аудандық спартакиадасы өтті.


Спартакиадаға кәсіподақ мүшелері аудан әкімінің аппараты және дербес бөлімдер, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттары, «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені және Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және «Бөрлі» спорт кешені болып командаға бөлініп, спорттың 5 түрінен: волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі, асық ату, дойбы, табан тартыстан жарысты.

Спартакиада соңында жеңімпаз командалар марапатталды.Кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуіне оның әлеуметтік-экономикалық дамуы және саяси тұрақтылығы оң әсерін тигізетіні түсінікті. Осы орайда халықтың денсаулығы да өте маңызды рөл ойнайды. Өйткені мемлекеттің алға қойған мақсат-мүддесін, стратегиялық жоспарларын іске асыратын сол елдің азаматтары. Демек, ол міндетті орындау үшін бірінші кезекте ұлттың саулығы қажет. Сол мүлддеге кәсіподақ ұйымдары өз үлесін қосып келеді. Осыған орай, аталмыш бағыттағы шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.