КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.Осы ретте  24 қазан – Кітапханашылар күніне орай Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында кітапханашылар күні аталып өтілді.
       Жиынға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі,  «Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры Ақмарал Құдайбергенова, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мадина Бурумбаева және кәсіподақ активі қатысты.
Іс-шара барысында  Бердіғали Өмірәлі сөз алып, білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана екенін, жаңа технология заманында да кітап адамның ой-өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала беретінін айтып, қатысушыларға «Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы,ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы ол кітапханашылар. Сіздерді кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ – береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін!»  –  деп жылы лебізін білдірді.
        Сондай-ақ, кітапхана саласын дамытуда зор үлес қосқаны үшін бірқатар кәсіподақ белсенділерін аумақтық кәсіподақ бірлестігінің  Құрмет грамоталарымен марапаттады.