Республика күні қарсаңындағы марапаттар

Марапат мерейді өсіреді деген осы шығар. Республика күні мерекесі қарсаңында Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты №13 А.Навой атындағы жалпы орта мектебінің ардагер ұстаздары еліміздің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып, бала тәрбиелеу, кемелдендіру мақсатындағы еңбектері үшін Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапаттарды “Шапағат-педагог” білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайым Г.Тлеубердиева табыстады.


Іс-шарада сөз сөйлеген кәсіподақ төрайымы ұстаздарды 25 қазан – Республика күні мерекесімен құттықтады. «Құрметті ұстаздар! Сіздерді алдағы келе жатқан еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл мереке Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін танытатын, мемлекеттің құрылу тарихын сипаттайтын күн. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелердің күнтізбесіне ұлттық мереке болып енгізілуін ұсынды. Республика аумағында, оның ішінде ауданымызда Республика күні мерекесінің маңызы мен тарихына арналған іс-шаралар кеңінен аталып өтуде. Осы айтулы мереке қарсаңында еңбектеріңіздің еленіп, марапат иелері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!» – деп ізгі тілегін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірі Ғ.Бейсенбайевтің Алғыс хатымен Нишанбаев Абдували Абдукадирович, Имамов Шамурат Эргашович, Моминов Эрполат Шаниязович, Абдикадирова Ибадат Юсуфжановна, Назирова Мехринса Хикматуллаевна, Ешметова Мунира Ахмеджановна марапатталды.
Сондай-ақ іс-шара барысында көп жылдар бастауыш кәсіподақ комитеті төрағасы қызыметін атқарып, құрметті демалысқа шығып жатқан Моминов Эрполат Шаниязовичты бар ғұмырын балаға арнап, шәкірттерінің қабілет дарынын ашып, келешекке жетелеп, шәкірт жүрегіне жол таба білгені және кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау және ұжымда еңбек қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек еткені үшін қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының”Кәсіподақ ардагері” төсбелгісімен марапатталды.