Ағымдағы жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері ЭЫДҰ, Египет, Франция және Оңтүстік Корея хатшылығының халықаралық сарапшылар тобымен кездесті. Халықаралық сарапшылар Қазақстандық Ұлттық Байланыс орталығына (ҰБО) сараптамалық бағалау жүргізу мақсатында Қазақстанға келді.
Кездесу аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева сарапшылар тобын ҚРКФ қызметімен таныстырды. Тараптар ҰБО-ның кәсіподақтармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, одан әрі ынтымақтастық, тараптардың тартылуын арттыру және ЭЫДҰ-ның басқарушы қағидаттарын ілгерілету бойынша ұсынымдар берілді.
Әңгіме барысында Кәсіподақтар үшін маңызды аспектілер еңбек саласындағы негізгі құқықтар мен бірігу бостандығы, бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі, лайықты еңбек және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілету арқылы қызметкерлердің еңбек құқықтарын, мүдделерін қорғау болып табылатыны атап өтілді.
Анықтама: Ұлттық Байланыс Орталығы көпұлтты кәсіпорындар үшін, оның ішінде ақпаратты ашу, Адам құқықтары, Еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, пара беру және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган болып табылады.
ҰБО-ның мақсаты ақпараттандыруды арттыру арқылы ЭЫДҰ-ның басқарушы қағидаттарын енгізу, жеке және заңды тұлғалардың басқарушы қағидаттардың ережелерін бұзу туралы өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау болып табылады.
ҰБО Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жанынан құрылды. Хатшылықтың функцияларын “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ орындайды. ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері ҰБО сараптамалық кеңесінің құрамына кіреді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы