Бүгін, 31 қазан күні ҚР Кәсіподақтар федерациясының білім беру марафоны аясында Маңғыстау облысының кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділеріне арналған «Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт жасасу тәртібі» тақырыбында онлайн форматта семинар-тренинг өткізілді.
Алдымен семинарды ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев алғысөзімен ашып, семинар тақырыбы өзекті екенін, кәсіподақ белсеңділері арасында білімді арттыру Кәсіподақтар федерациясының басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті.
«Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ қозғалысының белсенділерінің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Соңғы жылдары ҚРКФ Оқу орталығы жанынан білім беру процесі іргелі іргетасқа ие болды, кәсіподақ көшбасшысы мектебі ашылды, тұрақты негізде «білім беру марафоны» акциясы жұмыс істейді, ҚРКФ лекторларының пулы құрылды және кәсіподақтық оқыту тұжырымдамасы қабылданды»,- деді Нұрлан Өтешев.
Қашықтықтан оқытуға облыстың денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет, спорт және ақпарат жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, ірі, орта, шағын мұнай және газ кәсіпорындарының жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсеңділері қатысты.
Семинардың дәріскері Кәсіподақтар федерациясының дәріскерлер мүшесі Майра Боранбаева қатысушыларға қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында ұжымдық шарттың бүгінгі таңдағы рөлі, оның мақсаты мен жасау шарттарына терең тоқталып, ашып берді. Атап айтқанда, әлеуметтік әріптестік, оның тараптары мен құралдары, ұжымдық шарттың тараптары, ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі және ұжымдық шартқа қосылу тәртібі бойынша қатысушыларға егжей-тегжейлі түсіндірді. Семинар жұмысы слайдтарды көрсетумен қатар жүрді.
Семинарда кәсіподақ белсеңділерімен мекемелерде ұжымдық шарт жасау және ұжымдық шартқа қосылу мәселесі қызу талқыланды.
Семинар соңында қатысушылардың туындаған барлық сұрақтарына дәріскердің нақты түсіндірмесімен жауаптар алынып, семинар қатысушыларына кәсіподақ орталығы тарапынан барлық заңдық кеңестер мен практикалық көмек көрсетілетіні жеткізілді.