ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының тапсырма хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 қарашасы күні «Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шартты әзірлеу және жасау» тақырыбында, мүше ұйымдардың кәсіподақ активтеріне арналған онлайн семинарлар жүргізу бойынша;
2. Республикалық үшжақты комиссия отырысының 26.08.2023 жылғы және 23.10.2023 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «ҚР Еңбек және әлеуметтік заңнамасындағы өзгерістер», «Кәсіподақ қозғалыстары, құқықтық негіз, тартымдылық», «Еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және шешу», «Әлеуметтік серіктестік», «Ұжымдық шарт» тақырыптарында, әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, кәсіптік одақтардың мүшелері болып табылмайтын еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың соңына дейін бірқатар оқыту семинарларын өткізу;
3. Әлеуметтік-еңбек дауларын алдын-алу мақсатында «Еңбек консультациялары» мен «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу туралы;
4. «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне жазылу барысы.
Көрсетілген мәселелер бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының тапсырма хаттарына сәйкес еңбеккерлердің біліктіліктерін көтеру мақсатында әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып кәсіподақ мүшелерінің және кәсіптік одақтардың мүшелері болып табылмайтын еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың соңына дейін бірқатар оқыту семинарларын өткізу керектігін жеткізіп, аталмыш шараға жұмыла атсалысуға шақырды. Кеңес мүшелері көтерілген мәселелерді толық қолдап, бірауыздан мақұлдады.
Бұдан бөлек кеңес барысында Әлеуметтік-еңбек дауларын алдын-алу мақсатында «Еңбек консультациялары» мен «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу туралы және Кәсіподақтар федерациясының «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне 2024 жылғы жазылу науқаны бойынша ақпараты тыңдалып, салалық кәсіподақ басшыларына бірқатар тапсырмалар  берілді.