Еңбек адамының жағдайы – басты назарда

Қарағанды облысына Маңғыстау облысының делегациясы келді.Делегация құрамында Асқар Бисенов – Қазақстандық мұнай-газ Салалық кәсіптік одақ төрағасының орынбасары, Бекқали Уақбаев – ӨзенМұнайГаз жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы ҚБ төрағасы , Назар Әбішаев – заңгер, Бақытжан Қыдырбаев – «ӨзенМұнайГаз жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы »ҚБ қарасты АжТБ бастауыш ұйым кәсіподағының төрағасы.
Мұхтар Тінікеев – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары еліміздің мұнай-газ секторы өкілдерінің жұмыс сапары кәсіподақтардың жұмыс тәжірибесімен алмасуға негізделгенін, онда да жұмысшылар ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтінін атап өтті.


Асқар Бисенов және оның әріптестері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің И.А. Костенко атындағы шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты «ӨзенМұнайГаз» АҚ қызметкерлерінің , кәсіподақ мүшелерінің атынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккен көмір кәсіпорнының қызметкерлеріне тезірек сауығып кетулерін тіледі.


Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков қонақтарды Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысымен таныстырды, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиялардың алаңдарында Кәсіподақтар тараптарының бірлескен жұмысының мысалдарымен бөлісті.
Марат Миргаязов – төраға, Юрий Литвинов – «ҚАЗУГЛЕПРОФ» Салалық көмір өндірушілер кәсіподағы төрағасының кеңесшісі, Евгений Буслаев – төраға, Айбек Тойбеков – «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы төрағасының орынбасары Еңбек Адамдарының әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу саласындағы кәсіподақтардың жұмысымен бөлісті.
Талқылау барысында жұмыс берушілермен талқылануы және екі компанияның жаңа Ұжымдық шарттарына енгізілуі қажет кепілдіктердің жекелеген тармақтары атап өтілді.
Қазақстанның көмір және мұнай-газ салаларының кәсіподақтары еңбекшілердің заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде бірлесіп жұмыс істеуге, болашақта еңбек ұжымдарының өмірлік маңызды мәселелерін бірге талқылауға және шешуге келісті.
Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының кәсіподақтары «ӨзенМұнайГаз» еңбек ұжымы мен кәсіподақтарға кеншілер отбасылары мен ұжымы үшін осы қиын уақытта бауырластық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
Бұл сапар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүше ұйымдарының кәсіподақ қозғалысының ел Үкіметі мен жұмыс берушілер тарапынан Еңбек адамдарына әділ қарым-қатынас мәселесіндегі ынтымақтастығын көрсетеді.