Шымкент қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы кәсіподақ мүшелерінің 7-16 жас аралығындағы балаларының арасында республикалық балалар суреттері мен плакаттары байқауының Шымкент қалалық деңгейіндегі конкурсы өткізіліп, оған қатысқан 9 оқушының үздік жұмыстары келіп түскен.
Оның ішінен, үздік деп танылған 3 оқушының үздік жұмыстары республикалық байқауға жолданып, қорытындысы бойынша оларға белсенді қатысқаны үшін «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыповтың атынан дипломдар және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атынан белсенді қатысқан барлық конкурс қатысушыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Салтанатты марапаттау жиындары 268 адам кәсіподақ мүшесі бар Шымкент қаласының білім басқармасының №89 ІТ мектеп-лицейінде, 100-ден астам кәсіподақ мүшесі бар №95 жалпы орта білім беру мектебінде және 115 адам кәсіподақ мүшесі бар Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өткізілді.
Жиындарға арнайы барып қатысқан Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов конкурсқа қатысқан оқушылар мен мекемелердің басшыларын, мұғалімдерін, қызметкерлерін және кәсіподақ төрағаларын мерекелерімен құттықтап, конкурсқа белсенді қатысқан оқушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстап, оларды дайындаған жетекшілеріне алғыстарын айтты.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағының және Шымкент қалалық филиалының дипломдары мен бағалы сыйлықтары белсенді қатысқан төмендегі оқушыларға табысталды:
1. Қалдыбай Шұғыла – Шымкент қаласының білім басқармасының №95 жалпы орта білім беру мектебінің 5«А» сыныбының оқушысы, 10 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Бердикулова Маржангүл.
2. Қабылбекова Айдана – Шымкент қаласының білім басқармасының №95 жалпы орта білім беру мектебінің 7«Б» сыныбының оқушысы, 12 жаста, сурет тақыры: «Қазақ елі», жетекшісі: Джанбуршиева Мадина.
3. Толқынбай Аида – Шымкент қаласының білім басқармасының №95 жалпы орта білім беру мектебінің 10«А» сыныбының оқушысы, 15 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Бердикулова Маржангүл.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының дипломдары мен бағалы сыйлықтары:
4. Сайткәрім Інжу – Шымкент қаласының білім басқармасының №95 жалпы орта білім беру мектебінің 4«Б» сыныбының оқушысы, 9 жаста, сурет тақырыбы: «Менің Астанам», жетекшісі: Бердикулова Маржангүл.
5. Жақсылықов Нұрасыл – Шымкент қаласының білім басқармасының «№89 ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің 8«А» сыныбының оқушысы, 13 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Тукушев Амирхан.
6. Айтбай Диас – Шымкент қаласының білім басқармасының «№89 ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің 5«Л» сыныбының оқушысы, 10 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Тукушев Амирхан.
7. Камелхан Әдеміай – Шымкент қаласының білім басқармасының «№89 ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің 5«Е» сыныбының оқушысы, 10 жаста, сурет тақырыбы: «Республика күні», жетекшісі: Тукушев Амирхан.
8. Камалдин Бексултан – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің оқушысы, сурет тақырыбы: «Менің Астанам».
9. Давлатбек Жақсылық – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің оқушысы, сурет тақырыбы: «Республика күні».
Жиын соңында №89 ІТ мектеп-лицейінің директоры Қ.Атабаев, №95 жалпы орта білім беру мектебінің кәсіподақ төрайымы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғыстарын білдірді.