Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының конференц залында кәсіподақ, жергілікті атқарушы органдар, прокуратура өкілдері, «МАЭК» ЖШС басшылығымен және еңбек ұжымымен дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.
Кездесуге Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Бекгалыев Садуакас, төрағаның орынбасарлары Кеңшілік Данияр, Рзаханов Мақсат, Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Саматов Нұрат, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы басшының орынбасары Мусалиев Ақай, Маңғыстау облысының еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Омарова Нұрбақыт, «МАЭК» ЖШС адам ресурстарының басқару департаментінің бастығы Кузенбаева Роза, «МАЭК» ЖШС адам ресурстарының басқару департаменті бастығының орынбасары Дюсенбаев Нурлан, «МАЭК» ЖШС заң департаментінің бастығы Таналинов Казбек, «МАЭК» ЖШС қызметкерлерінің «YNTYMAQ» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қойшыбай Асқар, «МАЭК» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Ізбаев Мұрат және еңбек ұжымы қатысты.
Күн тәртібінде «МАЭК» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының өтініші негізінде кәсіпорында әлеуметтік шиеленіс тудырып отырған бірқатар мәселелер қаралды. Нақтырақ айтқанда:
1.Бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің келісім комиссиясының құрамымен келіспеуі.
2. ҚР ЕК 203-бабы негізінде өндірістік кеңес құру. Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері жұмыс берушіге өндірістік кеңес құру бастамасымен бірнеше рет жүгінген, алайда жұмыс беруші жұмысшылар өкілдерінің заңды талаптарын елемеген. Өңдірістік кеңестің болмауы, кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайларының жиі бұзылуына әкеліп отыр.
3. Арнайы киіммен жабдықтау мәселелері.
Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымының айтуынша, өндірістің сапасы мен тиімділігіне байланысты бірқатар мәселелер бар. Жоғарыда аталған проблемалық мәселелер кәсіпорындағы әлеуметтік шиеленісті күшейтейтіп отыр.Кездесу барысында облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы С. Бекгалыев кәсіподақ орталығының жұмыс тәжірибесі бойынша көп жағдайда мекеме басшылығы еңбек ұжымымен диалог орната алмауынан, басшылық пен жұмысшылар арасында сындарлы диалогтың болмағандығынан, кәсіпорындарда әлеуметтік шиеленіс жиі орын алатындығын атап өтті.
«Бұл еңбек дау-жанжалдар тек қолданыстағы заңнама шеңберінде шешімін табу тиіс. Бұл үрдіске біз жұмысшылардың өкілі ретінде мемлекеттік, құқық қорғау органдарын олармен жасалған меморандумға сәйкес бүгінгі кездесуге шақырып отырмыз. Себебі, мұндай кездесулер арқылы тараптармен орын алған даулар жанжалдарға жетпей, тараптар бір-бірін тыңдап, уәделесу арқылы шешім табуына ықпал етеді. Адам құқығын қорғау, соның ішінде еңбек адамының құқығын қорғау, әрқашан кәсіподақтың назарында»,- деп жүгінді қатысушыларға С. Бекгалыев.
Кездесуге қатысушыларға еңбек инспециясы және прокуратура өкілдерімен қолданыстағы заңнама шеңберінде келіссөздер жүргізу рәсімдері мен тетіктері түсіндіріліп, тараптар жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі алдағы шараларды егжей-тегжейлі талқылады.
Келіссөздер нәтижесінде кәсіпорын басшылығының өкілдері алдағы уақытта басшылық пен кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен аталған мәселелерді шешу мақсатында кездесу өткізетіндігін және жұмысшылар тарапының пікірімен есептесіп, мәселені шешудің жолын табуға ниет білдірді.
«МАЭК» ЖШС еңбек ұжымымен көтерілген мәселелердің шешімі табылғанша кәсіподақтар орталығы, жергілікті атқарушы органдар мен облыстық прокуратураның бақылауында болады