КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ БІЛІМ АЛУДА

Кәсіподақтардың мүшелік ұйымдарының белсенділерімен оқыту-семинарлар тізбегін жалғастыра отырып, ҚРКФ өкілдері Шымкент қаласында “ҚР Еңбек және әлеуметтік заңнамасының өзгеруі: теория және практика. Кәсіподақ қозғалысының тартымдылығы. Еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу” атты семинар-тренинг өткізді.

Семинарға атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты. Семинар кәсіподақ ұйымдары қызметінің құқықтық негіздерінен бастап, еңбек дауларының туындауының алдын алу және оларды шешу, ҚР еңбек заңнамасын қолдану практикасына дейінгі тақырыптарды қамтыды.

Семинардың бірінші күні Қазақстан Республикасының 2022-2023 жылдарға арналған Еңбек және әлеуметтік заңнамасының новеллалары тыңдалып, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының өзгерістеріне шолу жасалады. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастыру-кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова “Кәсіподақтардың құқықтық қызметінің негіздері” тақырыбында сөз сөйледі.

«Оқыту семинарларының арқасында кәсіподақ мүшелері еңбек қатынастары мәселелері бойынша өз білімдерін кеңейтіп, оны қызмет барысында қолдануына зор мүмкіндік алады. Айта кетейік, өткен жылы Кәсіподақтар федерациясы мен оның ұйымдары 35 мыңға жуық кәсіподақ мүшелеріне оқыту семинарларын өткізді», – деп атап өтті Ләззат Есжанова.

Семинардың екінші күні қатысушылар Ләззат Айдарханқызының “Еңбек даулары мен жанжалдарының туындауының алдын алу және шешу” тақырыбындағы дәрісін тыңдады. Семинар-тренингте топтар бойынша интерактив, топтардағы нақты кейстермен жұмыс өтті.

Семинар-тренингтің жабылуына “Шымкент қаласының Кәсіподақ орталығы” Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысып, еңбек әлеуетін қолдау және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы ерекше рөлі, олардың атом өнеркәсібі кәсіпорындары мен тұтастай мемлекет қызметкерлерінің әлеуметтік бағдарламаларын қалыптастыруға және әлеуметтік міндеттерін шешуге бағытталған қызметі туралы айтты.

Екі күндік бағдарлама аясында кәсіподақ ұйымдары қызметінің маңызды аспектілері мен кәсіподақтар қызметінің барлық бағыттары қамтылды. Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ оқуын жандандыруға және жетілдіруге бағытталған бірқатар шаралар қабылдады. Әртүрлі санаттағы кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділері үшін кәсіподақ оқуының бағыттарын анықтай отырып, оқыту семинарларының сұранысқа ие бағдарламалары әзірленді.Салалық, аумақтық бірлестіктер мен Кәсіподақтар федерациясы аппаратының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан лекторлар пулы құрылды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы