БІЛІМ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында қараша айының 24 жұлдызы күні білім беру жүйесінде пайдаланылатын және пайдалануға ұсынылатын цифрлық ақпараттық жүйелердің таныстырылымы өтті.


Кездесуге “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Алтеев, білім саласындағы цифрлық платформа өкілдері, қаладағы басқарма басшылары, білім саласының, білім беру ұйымдарының басшылары, қалалық әдістемелік орталығының әдіскерлері мен педагогтар қатысты.
Жиынды қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек ашып берді. Бүгінгі жиын жұмысының негізгі бағыттары білім беруді цифрландыру, мультимәдениетті орта қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру болып табылады, – деді С. Құранбек.


Таныстырылым барысында «BilmMediaGroup» ЖШС бас директоры Санжар Кенжеханұлы «Bilim Land, SmartNationCollege цифрлық білім беру платформалары туралы», ал «Төлем» ЖШС бас директоры Сержан Зиябекұлы «Цифрлы асхана электрондық жүйесі туралы» тақырыбында баяндама жасады.


Сонымен қатар, таныстырылым бойынша 9 спикер баяндама оқыды.