«Мерейлі сәт» жобасы аясында «Қызмет » салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі,ұзақ жылдан бері Темір аудандық әкімі аппаратында қызмет еткен Майра Омарова мерейлі мерекесі зейнетке шығуымен құттықтау шарасы өтті.
Осы уақытқа дейінгі жасаған адал еңбегі мен адами құндылықтарды жоғары қоятын адамгершілігін бағалап, Темір ауданы әкімі С.Аманбаев пен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының Темір аудандық комитетінің төрағасы Е.Сатаевтың атынан құттықтау хаты мен сыйлықтары, сондай-ақ Темір аудандық мәслихаты аппараты мен Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұжымы атынан да сыйлықтар табысталды.
Өзіне көрсетілген сый-қошеметке, еңбегінің еленгеніне Майра Омарова ерекше ризашылығын білдіріп, барша ұжымдастарының да осындай жақсы күнге амандықта абыроймен жетуіне тілектестігін жеткізіп, алғысын айтты.