«Қоғам дамуындағы әйелдердің рөлі» атты форумда өңірдегі әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, ауыл әйелдерінің рөлін күшейту, т.б. мәселелер талқыланды.
Аталған шараға Amanat партиясының хатшысы Шолпан Каринова, Amanat партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов және Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы М. Сағындықова да қатысты.
Форумда облысымыздағы 936 мыңнан астам тұрғынның 51 пайызы әйелдер екенін, ресми статистикаға сүйенсек, өңірдегі компанияларды басқаратын әйелдердің үлесі 51,1 пайызды құрайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол өңірдегі кәсіпкерлердің 56,5 пайызы қыз-келіншектердің үлесінде екенін атап өтті.
Шара соңында жиналғандар өзара пікір алмасып, белсенді қыз-келіншектер ұсыныстарын жеткізді.