Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні атап өтіледі. Осы іс-шара аясында бүгін Шымкент қаласының түрлі мекемелерінің өкілдері мен кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Қыз тағдыры – ел тағдыры» атты конференция өтті.
Конференция спикерлері: Шымкент қаласы әйелдер кеңесінің төрағасы Баян Айтбекқызы Жандосова, Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Гульвира Тулепбергенқызы Бектемисова, Шымкент қаласы “АНА ҮЙІ” қоғамдық қорының ресурстық орталығының үйлестірушісі Қалдар Жумабайқызы Тонтекова, Шымкент қаласы Қаратау аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Гүлсина Рахымбайқызы Бердібекова, PhD докторы, гештальт- терапевт, практик психолог Салтанат Сайлауқызы Асанова болды.
Сонымен бірге Шымкент қаласы Еңбек мобильдігі орталығы, Тең қоғам орталығы, Шым қала мұражайы, №1 әлеуметтік орталық, №2 әлеуметтік орталық, №9 әлеуметтік орталық, Қаратау әкімінің аппараты, Қалалық олимпиадалық спорт мектебі, Ауылшаруашылық басқармасы, Мәдениет басқармасы, жалпы алғанда 10 мекеменің бастауыш кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Аталған жиынға қатысушылар Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас Конференциясында 2019 жыл, 10 маусым күні қабылданған «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы» №190 Конвенцияға сәйкес гендерлік зорлық-зомбылық пен қудалау әйелдер мен қыздарға пропорционалды түрде теріс әсер ететінін мойындады.
Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жоюдың маңызды алғышарты ретінде еңбек қатынастарындағы гендерлік стереотиптерді, түрлі дискриминацияларды, гендерлік теңсіздіктерді және аталған еңбек қатынастарында зорлық-зомбылық пен қудалауды жоюға арналған гендерлік аспектілерді ескеретін, инклюзивті және кешенді әдіс болып табылады.
Сондай-ақ, соңғы уақытта әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиілеп кеткені атап өтілді. Экс-шенеуніктің жас әйелін өлтіруінің резонанстық жағдайын еске түсірген жөн. Бұл оқиға ешкімді бей-жай қалдыра алмайды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда және қалай жүгіну керектігі туралы түсініктемелер берілді. Жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттілігі туралы мәселе басты назарда. Ең маңызды тәрбие отбасында басталатыны айтылды.
Өкінішке орай, кең ақпарат ағыны әрдайым дұрыс қабылданбайды, теріс ақпаратты жоюға арналған сүзгілер жоқ. Сондықтан президент Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бағытталған қылмыстарға қарсы шараларды қатаңдату туралы бірнеше рет қайталаған болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы заңдарына кейбір түзетулер қабылданды.
Жиын соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға бейбіт аспан мен отбасыларына тыныштық тіледі.