25 қараша дүниежүзілік зорлық – зомбылыққа қарсы күрес күні. Осыған орай 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы – 16 күн» акциясы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудан Қаратал ауылдық мәдениет үйінде Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және бастауыш кәсіподақ ұйыдарының жетекшілерімен бірлескен семинар өтті.
Шараға А.Қ.Набиева – полиция капитаны, Е.Е.Аубакиров – ауылдық полиция инспекторы, С.Сәкібаева – аудандық білім бөлімінің бала құқығын қорғау жөніндегі әдіскері, Қ.Е.Сайранов – аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы, Т.Мұратов – «Қаратал орта мектебі» КММ кәсіподақ төрағасы және ауыл тұрғындары, мұғалімдер, оқушылар, ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында баяндамалар, бастауыш кәсіподақ төрағалары ұйымдастырған қойылым-флешмобтар қатысушылардың назарларына ұсынды.
Ең бастысы, қойылымдармен, кәсіподақ ұйымының «Біз зорлық-зомбылықсыз әлем үшін» атты девизімен бірге гендерлік саясаттың идеясын толықтырып, әйелдермен
қатар ер азаматтарға да ой салды деп ойлаймыз. Семинар көздеген мақсатқа жетті. Бұл пікір – осы шараны ұйымдастырушылардың ғана емес, жалпы шараға қатысқан
көпшіліктің пікірі.
Аудандық кәсіподақ ұйымы мен бастуыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен басталған «Гендрлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы әрі қарай барлық мектептерде жалғасын табады.