«ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Сайрам ауданының білім бөлімінің «Сүйерхан Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұжымымен онлайн кездесуі өтті.

Онлайн форматта өткен іс-шараға ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Бердіғали, «Шапағат-педагог» білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлнар Тлеубердиева, «Сүйерхан Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектеп» директоры Гүлжан Нұртанова, С.Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Лаура Байгозова және кәсіподақ мүшелері қатысты.

Кездесуді ашқан ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы әр кәсіподақ мүшесіне өзін толғандырып жүрген мәселелерді ашық жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті

Кездесуді «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі жүргізе отырып, еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп жатқан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы мұндай кездесулер тәжірибе алмасу және еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін жеткізіп, мәжіліс қатысушыларымен таныстырып өтті.
Бұдан кейін қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында Сүйерхан Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері бойынша арнайы дайындалған бейнематериал көпшіліктің назарына ұсынылды.

Онлайн кездесу барысында Шапағат-педагог» білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлнар Тлеубердиева жергілікті кәсіподақ одағының ағымдағы жұмысы туралы баяндады.

«Қазіргі таңда мектепте 746 оқушы 3 тілде, яғни қазақ, орыс, өзбек тілдерінде білім алуда. Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталатын болсақ, мектепте 83 мұғалім жұмыс істейді. Олардың біліктілігі бойынша Педагог зерттеушісі – 42; Педагог сарапшысы – 15; Педагог модераторы – 12; Педагогы – 10;   Жоғары санаттысы – 1; екінші санаттысы – 2.  Сонымен қатар мектепте еңбегі ерен 17 кіші қызметкерлер бар. Олардың барлығы дерлік «Шапағат – педагог» білім және басқа мамандықтар қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері», – деді Гүлнар Тлеубердиева.

Қазіргі Сүйерхан Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектебінің орнында 1968 жылы  №54 орыс тілді бастауыш мектебі ашылған. 2017 жылы мектептің аты Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы  №218 қаулысы негізінде «Сүйерхан.Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілген.

Мектепте оқушы санының көбеюіне байланысты 2019-2020 оқу жылында 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысы салына бастады, 2023 жылы пайдаланысқа берілген. Жаңа оқу ғимараты екі информатика, екі лингафон, екі мультимедия, химия, биология, физика және медициналық кабинеттері толық жабдықтарымен берілген. Білім ордасы және мектеп ұжымы осы жылдар аясында аудан, облыс, республикалық марапаттар мен Алғыс хаттар иеленген.

Өзт кезегінде Мектеп директоры Гүлжан Нұртанова бастауыш кәсіподақ ұйымы жайлы қысқаша ақпарат беріп, осындай кездесулердің маңыздылығы мен кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып, бүгінгі кездесуге атсалысқан Кәсіподақтар федерациясына көрсеткен қолдауы үшін өз алғысын білдірді.

Бұдан бөлек жиын барысында ұжым қызметкерлері тарапынан мектеп мұғалімдерінің уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеу мәселесі мен кіші техникалық қызметкерлердің айлық жалақысын көтеру мәселесі қолға алынса деген ұсыныс-тілектері тыңдалды.
Кездесуді қорытындылаған ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев көтерілген мәселелердің шешілу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

«Кәсіподақтың күші – оның бірлігінде, бастауыш ұйымдардың мықтылығында. Ал бастауыштардың бәсекеге қабілеттілігі мекемедегі әлеуметтік әріптестіктің пәрмені, ұжымда ауызбіршіліктің болуы мен кәсіподақ мүшелерінің білімі мен біліктілігіне байланысты.» – деп, қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы