ЖАЗУШЫ ӨТЕШ ҚЫРҒЫЗБАЕВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы ҚР мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы құрамына кіретін Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Құрмет» ордені иегері, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығының иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Ең үздік жазушысы» атағын алған, Созақ ауданының құрметті азаматы Өтеш Қырғызбаевтың 70 жылдығына орай оқырмандармен кездесу өтті.


Кездесуге “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев қатысты.Кештің модераторы журналист, Шымкент қалалық «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжан болды.Кездесуде жазушы Өтеш Қырғызбаевтың өмір жолы және шығармашылық жетістіктері баяндалды.

 


Құтықтау сөздерін айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалының директоры ақын Дәркен Танабаев, «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» республикалық қорының президенті профессор Бекет Тұрғараев, ақын Ханбибі Есенқарақызы, журналист Суханберді Оразалиев, журналист Дәулет Тұрсынұлы, кәсіпкер Ербол Садыр және Түркістан облысының құрметті азаматы, ел ағасы Сексенбай Тұрысбеков айтты. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Жиын соңында Шымкент қаласы АКБ төрағасы Б.Алтеев Әл-Фараби атындағы кітапхананың бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Д.М.Турмахановамен жеке әңгімелесіп, бастауыш кәсіподақ тынысымен танысты. Сонымен бірге күнделікті мәселелерді талқылады.