Облыстық кәсіподақтың мәжіліс залында «Мобил Сервис Групп» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымына Ұжымдық шарт жобасын әзірлеу бойынша түсініктеме жүргізілді.
Кездесуге ҚРКФ ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ляззат Есжанова, «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің төрағасының орынбасары Данияр Кеңшілік, «Маңғыстау өңірінің компаниялары мұнай-газ саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Нурбек Кульманов және «Мобил Сервис Групп» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелері қатысты.
Кездесу барысында ҚРКФ ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ляззат Есжанова қатысушыларға кіріспе сөз сөйлеп, кәсіподақтар қызметінде әлеуметтік әріптестік негізінде әділ еңбек қатынастарын дамыту мәселелері маңызды бағыт екендігін және Ұжымдық шарт кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау нысаны ретінде қызмет ететіндігін атап өтті.
Ләззат Есжанова қатысушыларға ұжымдық шартты әзірлеу, атап айтқанда, ұжымдық келіссөздерге дайындық, ұжымдық келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия құру, ұжымдық шарттың мазмұны және ұжымдық шарттың күші кімге қолданылатыны туралы қадамдық нұсқаулықтарды түсіндірді. Сонымен қатар, ұжымдық шартты әзірлеу және оның орындалуын бақылау кезінде кәсіподақ комитеті мен жұмыс берушінің өзара іс-қимыл алгоритімін және Еңбек кодексі талаптарының жиі кездесетін бұзушылықтары бойынша түсініктеме берді.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өзекті сұрақтар қойып, бар мәселелерді шешу бойынша тиісті ұсыныстар әзірледі.
Мәлімдеме үшін: «Мобил Сервис Групп» ЖШС Маңғыстау облысының мұнай секторының ірі сервистік компанияларының бірі. Қазіргі таңда ЖШС көліктік-логистикалық қызметтермен қоса, мұнай өндіретін компаниялары үшін басқа да сан алуан кәсіби қызмет түрлерін көрсететін озық сервистік компанияларының бірі болып табылады. Биыл кәсіпорында жаңа кәсіподақ ұйымы құрылды. Кәсіпорында 500 – ге жуық жұмысшы қызмет етеді, оның 265 – і бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі. Бастауыш кәсіподақ ұйымы «Маңғыстау өңірінің компаниялары мұнай-газ саласындағы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің құрамына кіреді.