Ұйымшыл ұжым-табысты жұмыс

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қарағанды облыстық филиалы корпоративтік рухты нығайту, кәсіпорын қызметкерлері арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру мақсатында «Квиз, Плиз!» ойының өткізді.


Ойынға 100 адамнан тұратын 15 медициналық бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты.Ойын жеті раундтан тұрды, олардың әрқайсысында кәсіби қызмет пен кәсіподаққа қатысты интеллектуалды мәселелер болды.

Іс-шара соңында қатысушылар естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.
Командалар арасындағы күрес шиеленісті болды. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын — «Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасы» КМК командасы;
2 орын – «Нұра ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК командасы;
3 орын — «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖМ командасы.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.


Осындай іс-шаралар кәсіподақ қозғалысының дамуына айтарлықтай үлес қосады және командалық рухты нығайтуға, қызметкерлердің ынтасын және еңбек ұжымдарының бірлігін арттыруға көмектеседі.