Қауіпсіз еңбек жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының білім беру марафоны аясында бүгін, 2023 жылғы 5 желтоқсанда, Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының кәсіподақ активі үшін «Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шартты әзірлеу және жасау» тақырыбындағы онлайн-семинар өтті, оған Кәсіподақ Орталығының және Салалық және Жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының 100-ден астам өкілдері қатысты.
Семинардың модераторы – жобаның үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова бүгінгі семинардың тақырыптары өте өзекті және әлеуметтік әріптестік тараптарының өзара қарым-қатынастарын дамыту саласындағы құқықтық білімді, ұжымдық шарттарды талқылау, әзірлеу және жасау жөніндегі заманауи тәсілдерді арттыруға бағытталғанын атап өтті.
«Әлеуметтік әріптестік» тақырыбын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік Комитетінің әлеуметтік-экономикалық талдау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің меңгерушісі Хансейт Бөлен жұмыс берушілер, қызметкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесінің пайда болу тарихына, Халықаралық Еңбек Ұйымының Конвенциясына, ұлттық еңбек заңнамасын әлеуметтік әріптестік үш деңгейлі жүйесінде қолдану ерекшеліктеріне назар аударды: республикалық, салалық және аймақтық.
Спикер 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім мынадай бағыттарды қамтитынын атап өтті: әлеуметтік әріптестік, экономикалық саясат, халықты жұмыспен қамту, лайықты еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік саясат, келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау.
Салалық және Аймақтық келісімдер Бас келісім негізінде жасалады. Сонымен қатар, семинарда әлеуметтік әріптестіктің негізгі қағидаттары және еңбек заңнамасындағы тиісті өзгерістер көрсетілді.
Әрі қарай «Ұжымдық шартты әзірлеу және жасау» тақырыбы, оның құқықтық негізі қарастырылды.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 313 843 жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның 162 390-нда (52,5 %) еңбек шарттары жасалған. 160 212 кәсіпорындар мен ұйымдар немесе 97%-ы кәсіподақтар жұмыс істейтін ұжымдық шарттармен қамтылған.
Ұжымдық Шарттар жасасу кезінде кәсіподақтар тарапы әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін қалай ілгерілететіні егжей-тегжейлі түсіндірілді. Тәжірибеде қолдану үшін ұжымдық келіссөздерді жүргізудің қадамдық тәртібі ұсынылған.
Мүдделі диалог соңында семинарға қатысушылар қаралып отырған өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтар қойды: Алмакүл Өсерова – Қазақстандық Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы және Вера Бородина – Қарағанды облысының кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының төрайымы Келіссөздер жөніндегі комиссияны ұйымдастыру, кәсіподақ мүшелері емес қызметкерлердің Ұжымдық шарттың қолданысына қосылу шарттары мен тәртібі жөніндегі мәселелерді көтерді.
Спикерлер кәсіподақ жұмысының әлеуметтік маңызды тақырыптары бойынша семинарға қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.
Жұмыста практикада пайдалану үшін кәсіподақ активіне қарастырылып отырған бағыттар бойынша әдістемелік және талдамалық материалдар берілді.
Соңында оқыту семинарына қатысқан Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы кәсіподақтарының өкілдері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына білім беру марафонын ұйымдастырғаны үшін, жоба үйлестірушісі мен спикеріне семинарды жоғары кәсіби өткізгені, тақырыптың өзектілігі үшін алғыс айтып, барлығына денсаулық, қауіпсіз, әділ еңбек және Еңбек Адамдарының игілігі үшін тиімді әлеуметтік әріптестік тіледі !