Ерікті болу – ерлік

5 желтоқсан Халықаралық еріктілер күні атап өтіледі.Бұл мерекенің толық атауы – Экономикалық және әлеуметтік даму үшін еріктілердің Халықаралық күні, оны 1985 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы енгізуді ұсынды.

Игі істермен айналысатын адамдардың мерекесі әлемнің барлық мемлекеттеріне қоғам еріктілердің өмірдің барлық салаларына қосқан қомақты үлесі туралы білуі тиіс екенін еске салды, бұл айналасындағыларға қамқорлық пен көңіл бөлу, қажетті көмекті тегін көрсету ниетімен белсенділер қатарына көбірек еріктілер тартуға ықпал етеді.

Өңірдің кәсіподақтары әлеуметтік серіктестермен бірлесіп қайырымдылық акцияларына, сапарларға, кездесулерге, сайыстарға бастамашылық жасайды және өткізеді.

Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығымен қоғамдық-пайдалы қызметпен шынайы ниетпен айналысатын және қаламыздың дамуына өз үлестерін қосатын жастарды салтанатты марапаттау ұйымдастырылды.

Мерекелік кездесуге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Аймира Баграмова қатысты, ол студенттік кезінен бастап қоғамдық қызметпен айналысады, ал қазір еңбек жастары арасында әлеуметтік қолдау мен еріктілікті дамытуға белсенді ат салысады.

Амира Жеңісқызы кездесудің барлық қатысушыларын құттықтап, басқаларға пәрменді көмегі мен жылы қарым-қатынасы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Қарағанды облысында еріктілер қозғалысына белсенді түрде қолдау көрсетіліп, дамып келе жатқанын және бұл өте қуанышты жайт екенін атап өтті.

«Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нұржан Ильяшев, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Марина Платонова іс-шараның барлық қатысушыларын құттықтап, волонтерлік қозғалыстың түрлі бағыттарының өкілдерін салтанатты түрде марапаттады.