КӘСІПОДАҚ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ ҰЙЫМ

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Ақтөбе облысының білім басқармасына қарасты « Ақтөбе санаторлы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұжымымен онлайн кездесуі өтті. Онлайн форматта өткен іс-шараға ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, « Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Раушан Серікова , мектеп-интернат бастауыш ұйымының төрағасы Ақмарал Әжібаева және кәсіподақ мүшелері қатысты.


Кездесуді Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев жүргізе отырып, еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп жатқан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы мұндай кездесулер ең бастысы еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді.


Онлайн кедесу барысында бастауыш ұйым тынысы туралы бейнеролик көрсетілді. 65 жылдық тарихы бар қалаға қарасты Құрайлы селолық округі аумағында орналасқан санаторлы мектеп-интернатта қазірде 83 бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі бар. Қазірде 100-ге жуық бала білім алуда.
Ең алдымен әлеуметтік әріптестік аясында атқарылып жатқан оң бастамалар туралы мектеп-интернаттың директоры Гүлбарам Қалиева бастауыш кәсіподақ ұйымы жайлы қысқаша ақпарат беріп, осындай кездесулердің маңыздылығы мен кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып, бүгінгі кездесуге атсалысқан Кәсіподақтар федерациясына көрсеткен қолдауы үшін өз алғысын білдірді.


Кездесу барыссында Бастауыш кәсіподақ ұйым төрайымы Ақмарал Әжібаева облыстық кәсіподақ тарапынан бастауыш ұйым мүшелеріне нақты қолдау барын , еңбеккерлердің еңбек құқығының сақталуы мен еңбек қауіпсіздігіне байланысты заңгерлермен қоғамдық бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілетіні,өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысты жұмыстар жасы жолға қойылғанын тілге тиек етті.
Тағы бір айта кетерлігі, бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен осыдан бірнеше жыл бұрын жеміс ағашының көшеттері отырғызылып, биыл алғаш рет ол жемісін берген. Осындай көпке үлгі болатын бастамалары жетерлік.


Онлайн кездесуде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Раушан Серікова кәсіподақ тарапынан атқарылып жатырған игі бастамаларды толық баяндады. Облыста білім саласы еңбекерлерінің 606 бастауыш ұйымы бар, жалпы 30 мыңнан астам мүшесі бар іргелі қоғамдық бірлестік тарапынан әрбір кәсіподақ мүшесінің еңбек құқығының сақталуы мен әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартуға көп мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, 2023 жылы облыс бойынша 1610 адам кәсіподақ есебінен тегін сауықтыру орындарына баруға мүмкіндік алған.
Онлайн кездесу барысында ұжым қызметкерлері тарапынан мектеп мұғалімдерінің ұсыныс-тілектері тыңдалды.
Кездесуді қорытындылаған ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев мектеп-интернат ұжыммың әлеуметтік әріптестік аясында атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.


«Кәсіподақтың күші – оның бірлігінде, бастауыш ұйымдардың мықтылығында. Ал бастауыштардың бәсекеге қабілеттілігі мекемедегі әлеуметтік әріптестіктің пәрмені, ұжымда ауызбіршіліктің болуы мен кәсіподақ мүшелерінің білімі мен біліктілігіне байланысты» – деп, қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.