КӘСІПОДАҚ АРҚЫЛЫ ШЕШІЛГЕН НАҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиевтың қабылдауына «СНПС-АТК» ЖШС-нің 5-ші колонна жүргізушілері жалақыға тиесілі қосымша ақы төлеу мәселесін шешуге қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгінді.
Өтініштер бақылауға алынды. Бір мезгілде өтініш берушілер кәсіпорында тексеру жүргізу үшін еңбек инспекциясына жүгінді.
Еңбек дауын шешу үшін тараптарға Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында дереу татуласу келіссөздерін жүргізу ұсынылды.
Өтініш берушілердің, «СНПС-АТК» ЖШС жұмыс беруші өкілдерінің, Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев, «СНПС-АТК» ЖШС жұмысшыларының кәсіподақ төрағасы Д.Мурзалин, кәсіподақ заңгері І.Кенжебайдың қатысуымен тараптардың ұстанымдарын айқындау, татуласу және өзара қолайлы шешім табу үшін кездесу өтті.


Жұмысшылар ұжымдық шарт талаптарына сәйкес жалақыға тиесілі қосымшаны көп жылдар бойы ала алмай келген. Олар тек соңғы 3 жылдың төлемақысын талап етіп отыр. Алайда, жұмыс беруші тарап бұған бірден келісім бермеді. Алайда, кәсіподақ жетекшілерінің араласуымен бірнеше рет келіссөздер нәтижесінде бұл мәселе оң шешімін тапты..
Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы жанындағы Заң клиникасы «ҚАЗХРОМ Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы Сүндет Ғабитұлының еңбек құқығын сот процесінде қорғап, оның өз жұмысына қайта оралуына жол ашты.
Нақты айтсақ, зауыт еңбеккері медициналық тексеруден өту барысында Еуразия медициналық орталығының дәрігерлері оны денсаулығында ақау бар деп, жыл басынан бастап жұмыстан шеттеткен.


Еңбеккер С.Ғабитұлы сол уақытқа дейін зауытта цех балқытушысы болып еңбек етіп жүрген, денсаулығына еш шағымы болмаған.
Осы шешімге келіспеген кәсіподақ ұйымының мүшесі Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірлескен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ә.Сотқаровпен бірге Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы жанындағы Заң клиникасына жүгінді. Оған Татуластыру орталығында дауды татуласу жолымен шешу бағыттары ұсынылды.
Алайда оң нәтиже бермеген іс-әрекеттер жұмыскердің өз құқығын сотта қорғауға мәжбүр етті.
Кәсіподақ заңгері зауыт еңбеккеріне тегін заңгерлік көмек көрсете отырып, сот процестерінде оның құқығын қорғауға мейлінше ат салысты.
Ақтөбе қалалық сотында кәсіподақ заңгері Ж.Нұршекенов Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларына сүйене отырып, жұмыскердің құқықтарын толықтай қорғап шықты.
Ақтөбе қалалық сотының 27 шілде 2023 жылғы шешімімен Евразия медициналық орталығының дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қортындысы заңсыз деп танылып, С.Ғабитұлының талап арызы толықтай қанағаттандырылды.
Нәтижесінде тәжірибелі қызметкер еңбек жолын қайта жалғастыруға мүмкіндік алды.