Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы құрылтай жиналысы өтті.
Жиынға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы ҚБ заңгері Малина Башарова, Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры Жандос Үшкемпіров, директордың спорт жұмысы жөніндегі орынбасары Есет Байтасов және мекеме қызметкерлері қатысты.
Кездесуде кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін білдіру және еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Жекпе-жек» спорт сарайында Жарғыға сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылданды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып бірауыздан Маркетинг және жарнама бөлімінің жетекшісі Динара Биманова сайланды. Қазіргі уақытта «Жекпе-жек» сарайында 186 қызметкер жұмыс істейді. Соның 141-і бастауыш кәсіподақ ұйымына кіруге ниет білдірді.
Елеулі мерекеге орай ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет» грамотасымен және салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Жекпе-жек сарайы объектісіне қызмет көрсету және пайдалану қызметінің басшысы Хасен Абельдинов, салалық кәсіподақтың «Құрмет» грамотасымен Операциялық бакылау және спорттық-бұқаралық жұмыс бөлімінің арена инспекторы Данияр Масанов, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Арман Бралин, Маркетинг және «Алғыс» хатымен жарнама бөлімінің маркетинг бойынша менеджері Динара Сыздықова марапатталды.