Шымкент қаласы әкімдігі Жолаушылар көлігі басқармасының шешімімен 01.03.2023 ж. бастап, электронды билетке көшуге байланысты қаладағы қоғамдық көліктерде кондукторлар қысқартылды. Осыған байланысты «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» Шымкент филиалына қарасты «Радуга» ЖШС, «ТТК» ЖШС және «Т-BUS» ЖШС тасымалдаушы компания басшыларына 744 жүргізушіден жалақы 400,0 мың тенге көтерілмесе 05.04.2023ж ереуілге шығып, жұмысты тоқтату жөнінде ескерту хабарлама түсті. Олар өз кезегінде көлік компания басшылары әкімдікке, прокуротураға, полиция департаменттін ескерткен.
АКБ басшысы Б.Алтеев, жергілікті басқару органдарымен қала әкімінің қабылдауында болып, мәселені шешу бойынша атсалысты. Нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің талап-арызы қала бюджетінен қала әкімдігінің №2580 қаулысы негізінде осы салаға бөлінген қаражат субсидия есебінен төленіп, жалақы 375 000 болып, сәуір айынан бастап көтерілді. Сонымен қатар кешке жұмыс уақыты аяқталуына сәйкес «Еңбек елшісі» тобының бірнеше өкілдерімен барлық жүргізүшілермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ереуілге шығу тоқтатылды. АКБ ұсынысы бойынша аталған жолаушы тасымалдау компаниялар бойынша Келісім комиссиясы құрылып, әрқайсымен жеке екі реттен жиналыс өткізілді. Нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты. Мәселе оң шешілуіне байланысты тасымалдаушы компанияларда ахуал тұрақталды. Қаладағы қоғамдық көліктер тоқтамай, бекітілген кестеге сай жұмыстарын жалғастырды.
Сонымен қатар, 2023 жылдың қараша айында Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығына қаламыздағы жолаушыларды тасымалдау компанияларындағы («Радуга» ЖШС – 61 млн., «Түркістан транспорттық компаниясы» ЖШС – 98 млн., «T-BUS» ЖШС – 37 млн.) қоғамдық көлік жүргізушілер тарапынан айлық жалақылары уақытылы төленбеуіне байланысты шағым хаттар түскен. Хаттар мазмұнына сәйкес тасылмалдаушы компанияларга бюджет қаражаты есебінен субсидиялау арқылы төленетін қаражаттардың мерзімінде төленбеуі негіз болған.
Нәтижесінде жүргізушілер тарапынан наразылықтар түындап, ереуілге ұласып кету қаупі болған.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Алтеев және қала әкімдігінің жолаушылар көлігі және жолдар басқармасының өкілдерінің дер кезінде араласуымен қоғамдық көлік жүргізушілердің қазан, қараша айларының айлық жалақылары бюджет қаражаты есебінен субсидиялау арқылы төленетін 196 млн. теңге ағымдағы жылдың 4-ші желтоқсанында төленіп, жағдай қалыпқа түсті.Туындаған мәселелер жергілікті деңгейде шешімін тапты.