Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің еріктілері Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен өткен «JASTAR BIRGE» өңірлік Еріктілер форумына қатысты.
Іс-шараға еріктілер қозғалысының 150-ден астам өкілі қатысты.
Кездесу барысында Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағайымы Аймира Баграмова қайырымдылық қызметіндегі тәжірибесімен бөлісіп, еңбек жастары арасындағы еріктілер бағыты туралы айтып, кәсіподақ жастары өңірдің әлеуметтік маңызды іс-шараларына белсенді қатысатынын атап өтті.
2023 жылды қорытындылай келе, Форумды ұйымдастырушылар волонтерлік қызметі үшін белсенді жас қоғам белсенділері-еріктілерді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының Алғыс хаттарымен және ақшалай көтермелеумен марапаттады.
Кәсіподақ жастарынан «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсем Байтасова марапатталды.
Ұйымдастырушыларға қоғамдық пайдалы қызметпен айналысатын жастарды біріктіретін шығармашылық Форум ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз.